г.Актобе, ул. ​Маресьева, 63
+7 (7132) 54 55 04, +7 (7132) 54‒41‒12
Pl3_aktobe@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский

Басшылық

Ақтөбе  сервис  колледжінің  директоры , техникалық ғылым кандидаты Сахатова Гюльнара Санкешовна

Сахатова  Гюльнара Санкешовна  1961  жылдың 24 қарашасында  Ақтөбе облысының  Темір  ауданында  дүниеге  келген.

  • 1978-1983 жылдар  аралығында Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы ВТУЗ-да  «Инженер-техник-технолог» біліктілігі  бойынша оқу бітірді.
  • 1984-1988 жылдар  аралығында М.Менделеев атындағы Мәскеу  химия-технологиялық институтын  оқыған.
  • 1983-1984 жылдар  аралығында Орталық аналитикалық зертханасында –әдіскер;

Қызмет  еткен  жылдары  бойынша:

  • 1984-1989 жылдар  аралығында М.Менделеев атындағы Мәскеу  химия-технологиялық институтының  аспиранты;
  • 1989-1994 жылдар аралығында ЗапКазГеология ӨБ-де  әдіскер;
  • 1994-1996 жылдар аралығында  ҚР Ұлттық Академиясының Батыс бөлімшеснің  ғылыми аға қызметкері;
  • 1996-1997 жылдар арлығында Қазақ-Орыс Халықаралық университетінде директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары;
  • 1997-1998 жылдар аралығында «Дүние» университетінің зертхана  меңгерушісі;
  • 1998-1999 жылдар аралығында «Дүние» университетінің Ақпараттық –аналитикалық бөлімінің директоры;
  • 1999-2004 жылдар аралығында Қ.И.Сатпаев  атындағы ҚазМТУ Ақтөбе  филиалының директоры;
  • 2004-2005 жылдар аралығында Ақтөбе  политехникалық институтының ректоры;
  • 2005-2008 жылдар аралығында  Қ.И.Сатпаев  атындағы ҚазМТУ Ақтөбе  филиалының директоры;
  • 2008-2009 жылдар аралығында Қ.И.Сатпаев  атындағы ҚазМТУ «Мұнай және газ өңдеу химиялық технологиясы» кафедрасының доцент-докторанты;
  • 2009-2016 жылдар аралығында Қазақ-Орыс Халықаралық университетінде ТиЕНД кафедрасының доценті;
  • 2016-2017 жылдар аралығында АСТЛ «Инженер» директоры;
  • 2017 жылдан бастап «Ақтөбе  сервис колледжі» МКҚК директоры қызметтерін атқарған.

Гюльнара Санкешевна:

- Қазақстан Республикасының құрметті Білім  қызметкері;

- ҚР Халықаралық ақпараттық ғылым академиясы мүшесі;

Гюльнара Санкешевна- өз жұмысының кәсіби маманы, ұжым  басқаруда оқу үрдісін  ұйымдастыруда білім берудің нәтижелілігіне бағыттайды, педагогикалық  ұжымға  кез-келген уақытта қолдаулар мен жағдай жасауды таңдайды.

Гюльнара Санкешевна -өз қызметінде  педагогикалық такт терең меңгерген және кәсіби сөйлеу мәдениетін толық игерген, білімді және  білікті  маман  ретінде Республика  аумағына  танымал үздік  педагог.

Ол өзінің іс әрекетімен жақсы нәтижеге жетеуге , әр  бастаған  ісінде шығармашылығын қалыптастыруға жағымды ықпал ететін, адамгершілік құндылығы қалыптасқан  басшы.

Гюльнара Санкешовна өз ісінің білікті маманы,шебер ұйымдастырушы,белсенді басшы.

Умирзакова Аманша Жаппар қызы 1979-жылы 8-қарашада Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Құмқұдық ауылында дүниеге келген.

1986-жылы Қарашатау орта мектебіне қабылданып, 1996-жылы мектепті бітірген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Бастауыш сыныптарды оқыту педагогикасы мен әдістемесі» факультетін бітіріп, бастауыш сынып мұғалімі деген квалификация алған.

Еңбек жолын Қарашатау орта мектебінде мұғалімдік қызметтен бастаған;

2003-2007 жылдары Қарашатау орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі Әйтеке би ауданы, Құмқұдық ауылы;

2007-2009 жылдары Қарашатау орта мектебі директорының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әйтеке би ауданы, Құмқұдық ауылы;

2009-2013 жылдары  Қарашатау орта мектебіне директоры Әйтеке би ауданы, Құмқұдық ауылы;

2013-2015 жылдары Құмқұдық ауылдық округінің әкімі Әйтеке би ауданы, Құмқұдық ауылы;

2015-2016 жылдары Әйтеке би аудандық білім бөлімінің басшысы Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы;

2016-2017 жылдары Әйтеке би аудан әкімінің орынбасары Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы;

2017-2018 жылдары «Нұр Отан» партиясы Әйтеке би аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы;

2018-2019 жылдары Әйтеке би аудандық білім бөлімінің басшысы Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы;

Еңбек жолында жасалған қызметті үшін аудан әкімінің мақтау қағазымен 2007, 2014, 2019 жылдары. Ақтөбе облыстық білім басқармасының құрмет грамотасымен 2009, 2019 жылдары марапатталды.

2007-2011 жылдары аудандық мәслихат депутаты болып сайланып,   2012-2016 жылдары  аудандық мәслихатқа  депутат болып қайта сайланды. Депутаттық қызмет барысында халықтың мұң-мұқтажын атқарушы билікке жеткізе отырып, сайлаушылардың талаптарының орындалуына бар-күш жігерін жұмсады. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде 2012 жылы «Үздік депутат» атағының иегері атанды.

2009-жылы педагогикалық жетістіктердің конкурс-марафонында «Облыстың ең үздік мұғалімі» болып танылды.

2010 жылы Ақтөбе облыстық «Нұр Отан»ХДП-сы филиалының төрағасының «Алғыс хатымен» марапаттарды.

2012-жылы шыққан  Ресей, Қазақстан, Украина, Беларусь мемлекеттерінің Үлкен халықаралық энцеклопедиясының  «Родины славный сыны и дочери Казахстана» айдарының кейіпкері болып, кейіпкер ретінде жеке куәлік және төс белгімен марапаттарды.

2020 жылдан бастап Ақтөбе сервис колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасайды.

Оралбаева Айгуль Хабиевна - директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, жоғары білікті санаттағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 1994 жылдан бастап облыстың білім беру жүйесінде жұмыс істейді, оның ішінде 2005 жылдан бастап кәсіптік білім беру жүйесінде. Жалпы педагогикалық өтілі 24,5 жыл. Жоғарғы білімді. Облыс әкімінің «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік оқытушысы» грантының иегері. Ақтөбе сервис колледжінде 2017 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Айгүл Хабиевна облыстық және республикалық деңгейдегі барлық іс-шараларға белсенді қатысады. Шеберлердің әртүрлі конкурстарға, форумдарға, көрмелерге, чемпионаттарға, шеберлік сыныптарына қатысуын сауатты ұйымдастырады. Ол киім және тамақ әзірлеуге дизайн және модельдеу құзіреттілігі бойынша WorldSkills Aktobe-2019 чемпионатының аймақтық алаңының жұмысын ұйымдастырушы. Студенттердің практикасын әрі қарай жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік серіктестерді тарту бойынша сәтті жұмыс жүргізілуде. Қаланың ірі кәсіпорындарымен екі жақты оқыту туралы келісімшарттар жасалады, бұл талап етілетін білікті жұмысшыларды даярлауға жүйелі көзқарас жасауға мүмкіндік береді.

Жоғары кәсіпқойлық және жұмыс тәжірибесі Айгүл Хабиевнаға кәсіби бағдар беру жұмысын және кадрларды даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырысты сәтті орындауға мүмкіндік беретін қабылдау комиссиясының жұмысын сауатты құруға көмектеседі. Оралбаева А.Х. тамызда аймақтық конференцияға көрме дайындау кезінде әрдайым қызықты идеяларды табады .

Кәсіптік білім беру жүйесінде жұмыс істеген жылдары Айгүл Хабиевна көптеген мақтау қағаздарымен, облыс басшылығының, білім басқармасының және кәсіподақ комитетінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Оралбаева Айгүл Хабиевнаның студенттерді оқыту мен тәрбиелеуге шығармашылық көзқарасы, педагогикалық жұмыстың жоғары нәтижелері, әдептілік, біреудің позициясын алу мүмкіндігі кәсіби қоғамдастықтың, ата-аналар қауымдастығының қолдауын, студенттердің сүйіспеншілігі мен құрметін тудырды.

  1. Тегі, аты, әкесінің аты Жумагалиева Тамара Васильевна                                      
  2. Лауазымы, жұмыс, қызметі орны «Ақтөбе сервис колледжі» МКҚК директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары., қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы
  3. Жынысы  Әйел
  4. Туған жылы және жері 14.11.1965 ж. Ақтөбе облысы. Байғанин ауданы
  5. Ұлты Қазақ
  6. Білімі Жоғары, Ы.Алтынсарин атындағы Аркалық педагогикалық институты 1991 ж
  7.  Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы Жоқ
  8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградалармен марапатталған және марапатталған күні Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасы, 2013ж.
  9. Мекен – жайы Ақтөбе қаласы, Толстой көшесі, №7
  10. Жалпы жұмыс өтілі 33 жыл
  11.  Саладағы жұмыс өтілі 29 жыл
  12.  Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі 8 жыл
  13.  Марапатталушының нақты ерекше еңбегін көрсететін мінездемесі

Жумагалиева Тамара Васильевна тәжірибелі оқытушы, оқытудың әдістемесін меңгерген, өзінің пәні бойынша терең білімді, кәсіби ойы мен шығармашылық дарыны бар тәжірибелі оқытушы. Өзінің еңбек жолын 1983 жылы Жем орта мектебінде лаборант қызметінде бастады. 1985 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалақ педагогикалық институтына қабылданды. Оқу орның аяқтаған соң Жем орта мектебіне мамандығы бойынша жұмысқа орналасты. Еңбек жолын қалалық қазақ тілі бойынша әдістемелік кабинетінің әдіскер маманы ретінде жалғастырды.

2009 жылдан бастап  осы ұжымда директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарумен қатар  қазақ тілі мен әдебиет пән оқытушысы болып жұмыс жасайды. Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман. Оқу үрдісін басқару кезінде колледж жұмысына жаңалықтар, оқытудың жаңа формаларын енгізуде, оқу мазмұнын өзгерту бағытында эксперименттік жұмыстар жүргізуге ұмтылыс жасайды.

Жалпы педагогикалық өтілі 23 жыл. Осы қызмет атқарған уақыт аралығында  көптеген жетістіктерге жетті: 2010 жылы облыс әкімінің сертификатына ие болды, 2012 жылы облыстық деңгейде «Оптимальное использование элементов технологии на уроках казахского языка и литературы» тақырыбында озық тәжірибесі таратылды.

Үнемі облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, еңбектері газет-журнал беттерінде жарияланады. 

2009 жылы Орал қаласында «Оқу орны мен жұмыс берушінің өзара байланысының түрлері мен әдістері», 2010 жылы «Электрондық оқулықтары және интерактивті тақтаны пайдалану әдістемесі», 2011 жылы «Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институты», 2012 жылы «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы менеджменттің заманауи технологиялары», 2012 жылы Түркияда Стамбул қаласында «Кәсіптік-техникалық білім. Оқытушылар үшін тренинг» жоба бойынша,2015 жылы «Оқу процесін ұйымдастыруға нормативтік-әдістемелік қолдау көр сету»РҒӘО,2016 жылы «Кәсіпқор Холдинг»  модульдік құзіреттілікті бағдарламаға енгізу тақытыптары бойынша курстардан өтті. Заман талабына сай өз сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды ұтымды пайдаланып, білім алушылардың пәнге ынтасы мен қызығушылығын арттыра білетін шебер ұстаз.

2011 жылы  білім басқармасы мен  кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ұйымдастыруымен өткен «Біз кемпірқосақ түсіндейміз» тақырыбындағы студенттердің аймақтық интеллектуалдық ассамблеясында шәкірттері Түймебаев Еркебұлан, Тұрақбаева Назерке сертификатқа ие болды. ІІІ облыстық студенттік ғылыми тәжірибелік конференциясында  Уаисова Д. Диплом І-орын ,«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке тәрбиелеу» бойынша студенттер арасында өткен облыстық байқауда Қанатова Томирис   Алғыс хатқа , «Ақтөбе жастары жаңғыру жолында» ғылыми –тәжірибелік конференцияда Стрельцова Г 3 орынды иеленіп дипломмен марапатталды.

Тамара  Васильевнаның  басшылығымен 2010, 2011 оқу  жылдарында 16 оқытушы «Үздік оқытушы» марафонына қатысып, жүлделі  орынға ие болды, 2011 жылы дене тәрбие  пәні  мен арнайы пән оқытушыларын  облыстық  жарысқа қатысуына ұйытқы болып, оқытушылардың  әр уақытта іс-тәжірибесін облыс, республика көлемінде таратуға басшылық етті. 2014 жылы облыстық «Білім берудің инновациялық стратегиясы мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» ғылыми – тәжірибелік конференциясына, 2015 жылы «Менің инновациялық сабағым» атты  Халықаралық оқытушылар сайысында «Ұшқыр ойдың майталманы» номинациясы бойынша І-орын ,2020 жылы «Педагогикалық шеберлік» атты ІІ Халықаралық педагогикалық байқауда І орынды алды.

Тамара Васильевна сабақтарында студенттердің ойлау қабілеттерін дамытуда, жан-жақты тәрбиелеуде, пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыруда көп ізденіп, шығармашылықпен әр түрлі жаңаша, белсенді әдіс – тәсілдерді қолдана жұмыс жасайды. Тынымсыз шығармашылық еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасы 2013ж»,облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен- 2015,2017 жыл, «Өрлеу»  біліктілікті  арттыру ұлттық орталығының «Құрмет грамотасы» 2016, Ақтөбе облыстық кәсіподақ одақ ұйымының «Құрмет грамотасы » 2019,2017, «Құрмет грамотасы »2019 жылы Облыс әкімінің  және тағы басқа Алғыс хатымен марапатталды.

Тамара Васильевна ізденімпаз, білімді, жан-жақты, жастарға үйретуден тынбайтын ұстаз ретінде және қайырымды, кішіпейіл, кеңесші-басшы ретінде де ұжымда үлкен беделге ие тұлға. Ұстаз ретінде өз пәнін жете меңгерген, теориялық білімі терең, әдістемелік шеберлігі жоғары. Мінезі: ашық, батыл, көпшіл, адамгершілігі жоғары, тіл табысқыш, еңбекқор.