г.Актобе, ул. ​Маресьева, 63
+7 (7132) 54 55 04, +7 (7132) 54‒41‒12
Pl3_aktobe@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский

Библиотека

Елубаева Жансулу Бериковна –  в 2019 году  зокончила «Актюбинский гуманитарный колледж» по профессии «библиотечное дело». В данное время работаю в Актюбинском сервисном колледже  библиотекарем.

Абай 175

Жемқорлық пен терроризм

Рухани жангыру

СКАЧАТЬ СПИСОК КНИГ

Адамды адам еткен - кітап,

адамзат еткен – кітапхана.

Әбіш Кекілбаев

Елубаева Жансұлу Берікқызы – кітапханашы, білім орта, осы колледждің кітапханасында жұмыс өтілі 9 ай.

Колледж кітапханасының

қызметі туралы ақпарат

Бүгінгі студент ертеңгі ел маманының еліне, жеріне деген сүйіспеншілігінің артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық, адамгершілік қасиеттерінің ұлғая түсуі жолында кітапхана  қызметкерлері халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдет-ғұрпы мен салт – дәстүрін, мәдени мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін  оқырмандарға кітап арқылы  насихаттай білуі қажет. Студеттермен жұмыс жасай отырып, кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру- кітапхана қызметінің негізгі міндеттерінің бірі. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу, жеткіліксіз , сондықтан  әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік, тағы басқа қасиеттер болу керек.

Кітапхана жұмысының негізгі мақсаты – педагогикалық құрамды және білім алушыларды кітаппен жұмыс істеудің ұтымды тәсілдеріне үйрету, материалдарды іздеуге және талдауға үйрету және оқу әрекетінің ақпараттық қамтамасыз ету ептіліктері мен икемділіктеріне дағдыландыру, өзгерістерді тез арада сезінуге, сын көзімен ойлануға және қажетті ақпаратты қайта қарауға үйрету.

Кітапханадағы жұмыстың негізгі бағыттары

  1. Білім беру — колледждің және оқу бағдарламасында көрсетілген білім беру мақсаттарын қолдау және қамтамасыз ету.
  2. Ақпараттық  - түрлерінің, нысандарының, ақпарат иелерінің тәуелділігінен тыс ақпараттық ресурстарды қолдануға мүмкіндік беру.
  3. Мәдени  - эмоционалдық дамуға жағдай жасайтын мәдени және әлеуметтік санасезімді тәрбиелейтін шараларды ұйымдастыру.
  4. Тәрбиелік – мемлекетке, туған жеріне патриоттық сезімді дамытуға жағдай жасау; білім алушылардың әлеуметтенуіне көмектесу.

Кітапхана сипаттамасы

  1. Ақтөбе сервис колледжі кітапханасы 1950 жылы оқу орны құралған уақыттан  бастап  жұмыс жасайды. Кітапхананың жалпы ауданы  53,7кв.м., кітапханадағы отыратын орындардың жалпы саны -20.

Кітапхана құрылымы

  1. Абонемент
  2. Кітап қоры бөлімі

 

Кітапхана келбеті

  1. Колледж кітапханасы – пайдаланушылардың талаптарын толық және жедел қанағаттандыруға бағытталған қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар негізінде қызмет ететін инновациялық ақпарат орталығы.

Біздің ресурстар:

  1. Кітап қоры -32152
  2. Оның ішінде:
  3. Оқулық, оқу құралы-23881
  4. Оқу әдістемелік құралдар- 5701
  5. Көркем әдебиеттер – 2408
  6. Электронды оқулықтар -62
  7. Пайдаланушылардың мүмкіндіктері:
  8. Алфавиттік, жүйелік, пәндік каталогтар;
  9. Мақалалардың жүйелік катотекасы;
  10. Интернет желісі;
  11. Библиографиялық көрсеткіштер, анықтамалықтар, энциклопедиялар;
  12. Электронды пошта;
  13. Ақпаратты электронды түрде жеткізу;
  14. Электрондық оқулықтар;