г.Актобе, ул. ​Маресьева, 63
+7 (7132) 54 55 04, +7 (7132) 54‒41‒12
Pl3_aktobe@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский

Блог директора

Ақтөбе сервис колледжінің директоры техникалық ғылым кандидаты Сахатова Гюльнара Санкешевна

Сахатова  Гюльнара Санкешевна  1961 жылдың 24 қарашасында Ақтөбе облысының Темір қаласында дүниеге келген.

1978-1983 жылдар аралығында Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы ЖТОО-да «Инженер-техник-технолог» біліктілігі бойынша оқу бітірді.

1984-1988 жылдар аралығында Д.И.Менделеев атындағы Мәскеу химия-технологиялық институтында аспирантурада оқып, техникалық ғылымының кандитаты атаған алған.

Қызмет еткен жылдары бойынша:

1988-1994 жылдар аралығында ЗапКазГеология ӨБ-де әдіскер;

1994-1996 жылдар аралығында ҚР Ұлттық Академиясының Батыс бөлімшеснің ғылыми аға қызметкері, ғылыми хатшы;

1996-1997 жылдар арлығында Қазақ-Орыс Халықаралық университетінде директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары;

1997-1999 жылдар аралығында «Дүние» университетінің Ақпараттық –аналитикалық бөлімінің директоры;

1999-2004 жылдар аралығында Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ Ақтөбе филиалының директоры;

2004-2005 жылдар аралығында Ақтөбе  политехникалық институтының ректоры;

2005-2008 жылдар аралығында  Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ Ақтөбе  филиалының директоры;

2008-2009 жылдар аралығында Қ.И.Сатпаев  атындағы ҚазҰТУ «Мұнай және газ өңдеу химиялық технологиясы» кафедрасының доцент-докторанты;

2009-2016 жылдар аралығында Қазақ-Орыс Халықаралық университетінде ТиЕНД кафедрасының доценті;

2016-2017 жылдар аралығында АСТЛ «Инженер» директоры;

2017 жылдан бастап «Ақтөбе сервис колледжі» МКҚК директоры қызметтерін атқарады.

Гюльнара Санкешевна:

-Қазақстан Республикасының құрметті Білім қызметкері;

-ҚР Халықаралық ақпараттық ғылым академиясы мүшесі;

-ВАК доценті;

-60-тан аса баспа еңбектер;

-1 КСРО авторлық куәлігі;

-8 ҚР кәсіпкерлік патент иегері, 1 оқулықтың авторы;

-1983 жылы  Теміртау  халық депутаттарының ХVІІІ шақырылымы қалалық кеңес депутаты болып сайланды.

-2018 жылы Халықаралық педагогика және инновациялық технологиялар ғылым академиясының «Асыл Ұстаз» медалінің иегері;

Гюльнара Санкешевна- өз жұмысының кәсіби маманы, ұжымды басқаруда, оқу үрдісін ұйымдастыруда, білім берудің нәтижесіне ерекше көңіл бөледі, педагогикалық ұжым мүшелеріне; кез-келген уақытта қолдау көрсетіп, жағдай жасай алады.

Гюльнара Санкешевна -өз қызметін  терең меңгерген, педагогикалық әдеп, кәсіби сөйлеу мәдениетін толық игерген, білімді және  білікті маман; ретінде Республика аумағына танымал үздік педагог.

Ол өзінің іс әрекетімен жақсы нәтижеге жететін , әр  бастаған  ісінде шығармашылығын қалыптастыруға жағымды ықпал ететін, адамгершілік құндылығы қалыптасқан  басшы.

Жұмыс жасау барысында  Гюльнара Санкешовна педагогикалық ұжым және  облыстық жоғарғы, кәсіптік техникалық білім  беру   салысында беделді, тәжірибелі қызметкер және  басшы.