г.Актобе, ул. ​Маресьева, 63
+7 (7132) 54 55 04, +7 (7132) 54‒41‒12
Pl3_aktobe@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский

Кодекс чести

Ақтөбе сервис колледжінің студенттердің ар-намыс кодексі:

  • Cтудент – Қазақстан Республикасының патриоты, мемлекеттік ел таңбаны аса құрметтейді – гимн, ту, мемлекеттік тіл – Егемен Қазақстанның маңызды ерекшелігі.
  • Студент сұранысқа ие маман болуға талпынады.
  • Студент еліміздің мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне лайықты қатынасады.
  • Студент колледждің беделін сақтауға және арттыруға міндетті.
  • Студент оқыту үдерісінің тәртібін мүлтіксіз сақтайды. Міндетті оқу сабақтарына қатысады, оқу жоспарымен және білім беру бағдарламасымен қарастырылған барлық тапсырма түрлерін белгіленген мерзімде орындайды. Студент оқуды жоғары нәтижелерге жету үшін қолынан келгенінің бәрін жасауы тиіс.
  • Студент жалпы адамгершілік моральдік-этикалық қағидаларды басшылыққа алады, колледждің корпоративтік мәдениетін сақтайды, этнос аралық алауыздыққа, діни экстремизмнің, ұлтшылдықтың және сыбайлас жемқорлық құқықтарын бұзуға жол берілмеу қажет деп есептейді.
  • Студент үлкендерге шексіз құрмет, ризашылық және қастерлеу сезімдерімен оқытушылармен өзара қарым-қатынас жасайды.
  • Студент оқу үлгеріміне, тәртіпті сақтауға, жүріс-тұрыс нормаларын және колледждің ішкі тәртіп ережелерін орындауға, плагиат, білімді бақылау кезінде рұқсатсыз әдістеріне жауапты екенін мойындайды.
  • Студент денсаулықты саналы салауатты өмір салты қажеттілігі деп есептейді және маскүнемдік, бұзақылық, нашақорлық және т.б. түріндегі бейәлеуметтік көріністерді белсенді жояды.
  • Колледждің ішкі тәртіп ережелерін бұзған студенттерді оқудан шығаруға директордың орынбасарлары директорға ұсыныс жасайды.

Ақтөбе сервис колледжінің студенттің әдеп кодексі:

  • Колледж студенті – бұл біздің Отанымыздың потенциалы және оған Қазақстанның алдыңғы ұрпақтарының істерін жалғастыру күтіп тұр және жастар үшін алдын ала белгілі миссияны орындауға кәсіби, жалпы білім беру, мәдени, моральдік-адамгершілік жағынан дайын болуы қажет;
  • Оқуға жауапты қатынас;
  • Сапалы білім алу, кәсіби дағдылар мен шеберлік қалыптастыру;
  • Рухани, мәдени мұраға ие болу;
  • Отанын сүю, азаматтық борышын орындау;
  • Мәдени және кәсіби деңгейін арттыру, колледж беделін сақтау;
  • Колледж оқытушыларының, қызметкерлерінің адами құндылықтарын және өзгелер пікірлерін құрметтеу;
  • Студенттік өзін басқару органдарына және қоғамдық ұйымдарға сайлау және сайлану;
  • Тәрбиелік жұмыстар аясында колледжде ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысу;
  • Академиялық адалдықты сақтау және көшіріп алуға, жазба қағаздарды пайдалануға, құжаттарды немесе мәліметтерді қолдан жасауға, өтірік айтуға, рұқсатсыз сақталған ақпаратты (оның ішінде компьютерлік) көшірме жасауға, өзгетуге немесе басқа мақсатта пайдалануға жол бермеу;
  • Сабақ кестесіне сәйкес Студенттер сабаққа қоңырау соғылғанға 1,5-2 минут қалғанға дейін оқу кабинетінен орын алып, оқу сабағына дайын болу керек. Әрбір студент берілген 90 минут оқу сабағын тиімді пайдалануы тиіс.
  • Дәрістер, сабақтар, емтихандар кезінде ұялы телефондарды өшіру;
  • Колледж мүлкіне (жайлар, жабдықтар, компьютерлер, мүлік, жиһаз және кітапхананың кітап қоры) ұқыпты және жинақты қарау
  • Оқу кабинеттерінде, дәліздерде, кітапханада және т.б. тазалық пен тәртіпті сақтау